Ұйқыңыз тыныш болсын десеңіз, кешкі асқа не жеген дұрыс?

Терапевт Ольга Чистик түнге қарай тәтті тағамдар мен асқазанға ауыр ас ішпеуге кеңес берді. Дәрігер "Газета.Ru" басылымына берген сұхбатында ұйқыға кері әсер етпейтін кешкі ас қандай болуы керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маманның айтуынша, кешкі асқа балық, теңіз өнімдері, күркетауық еті, тауықтың төс еті, омлет немесе сүзбе таңдауға болады. Оларды кәді, брокколи, гүлді қырыққабат, шпинат және басқа да көкөністермен бірге жеген дұрыс.

Ал майлы, ащы және тұзы көп тағамдар ұйықтар алдындағы жай-күйге кері әсер етуі мүмкін. Олар қыжылды күшейтіп, ағзада артық сұйықтықтың жиналуына әкелуі ықтимал.

Чистик кешкі асты ұйықтардан үш-төрт сағат бұрын ішкен жөн екенін айтады. Сондай-ақ, кешке кофе мен шайды шамадан тыс ішпей, сұйықтықты да көп мөлшерде тұтынбауға кеңес береді.

Ал алкогольді "ұйықтататын құрал" ретінде қолданбаған дұрыс. Ол адамның тезірек ұйықтап кетуіне әсер етуі мүмкін, бірақ ұйқының сапасын нашарлатады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!