Ұйқының бұзылуына себепші тосын фактор аталды

Ұйқының бұзылуына себепші тосын фактор аталды
Фото: depositphotos.com

Психолог-кеңесші, когнитив-мінез-құлық терапиясы қауымдастығының мүшесі Вероника Ахметованың айтуынша, ұйқысыздықтың себебібайқала бермейтін фактор болуы мүмкін. Бұл туралы маман lenta.ru-ға берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ахметова ұйқының бұзылуына әсер ететін әрі еленбейтін фактор ретінде ақпарат ағынын атады. Ол жаңалықтың көп болуы мен экраннан келетін үздіксіз "шудың" салдарынан ми қауіп пен мәселе туралы сигналдарды тоқтаусыз қабылдайтынын түсіндірді. Мұндайда ағзадағы кортизол (стресс гормоны) деңгейі жоғарылап, ал мелатонин (ұйқы гормоны) керісінше төмендейді.

"Ақпараттық шудың ықпалын азайту үшін контент тұтыну күнделігін жүргізуге болады - екі-үш күн жеткілікті. Онда нақты нені көргеніңізді, қашан қарағаныңызды және оған дейінгі-кейінгі көңіл-күйіңіз қалай өзгергенін жазып отырыңыз. Бұл жүйкеге ең қатты әсер ететін контенттің қайсы екенін аңғаруға көмектеседі", - деп кеңес берді Ахметова.

Сондай-ақ, ол ақпараттық гигиена қағидаларын сақтауға шақырды. Ол үшін жаңалыққа бөлінетін уақытқа қатаң шектеу қою керек. Мысалы, оларды кешкі сегізден кейін оқымау немесе ұйқыға кемі екі сағат қалғанда тоқтату. Бұған қоса, Ахметова ұйқыға дейін екі сағат бұрын құрылғыларда түнгі режимді қосуды ұсынды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек
Logotype Massaget