Ұйқы кезінде қандағы қант мөлшері неге көтеріледі? Эндокринолог түсіндірді

Қандағы қант мөлшері тек тамақтан кейін емес, ұйқы кезінде де өзгеруі мүмкін. Тіпті адам ұйықтар алдында тамақ ішпесе немесе күнделікті тамақтану тәртібін өзгертпесе де, қандағы глюкоза деңгейі құбылып тұрады. Бұл туралы эндокринолог Антонина Ходашинская RT басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маманның түсіндіруінше, бұған ағзадағы гормон өзгерістер, бауырдың жұмысы, күндізгі дене белсенділігі мен ұйқының сапасы әсер етеді. Адам ұйықтап жатқанда да ағза энергия жұмсауын тоқтатпайды. Сондықтан тамақ ішпегеннің өзінде ағзаға глюкоза қажет.

"Қандағы қант мөлшерін қалыпты деңгейде ұстап тұру үшін бауыр глюкоза өндіріп, оны қанға бөледі. Ал гормондар бұл үдерісті реттеп, ағзадағы энергия тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі", – деді дәрігер.

Ходашинскаяның айтуынша, таңертең қандағы қант мөлшерінің көтерілуіне "таңғы шапақ феномені" деп аталатын құбылыс та себеп болуы мүмкін.

Бұл құбылыс таңға жуық, ағза оянуға дайындала бастаған кезде байқалады. Осы уақытта кортизол мен өсу гормонының бөлінуі өзгеріп, соның әсерінен қандағы глюкоза деңгейі жоғарылауы мүмкін.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!