Мәсімовпен қызметтес болған дәрігер оның тегі туралы туралы шындықты айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Медицина ғылымдарының докторы, профессор Арай Төлемісова ADAL Adam Youtube арнасына берген сұхбатында мемлекетке опасыздық жасаған ҰҚК-ның экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің әкесі Қажымқан Мәсімовпен қызметтес, сыйлас болғанын айтты.
"Қажымқан Мәсімовті ұйғыр дейді, ол ұйғыр емес. Компьютеріндегі құжаттардың бірін оқып қалдым, ол кісі "найман" деп жазылып тұрды. Өз аузынан Талдықорғанның Ақсуынанмын, найманмын дегенін де естідім. Ақсуда мешіт салды. Сонда ас бергенде де болғанмын", - деді Арай Төлемісова.
Журналистің "найман екеніне сенесіз бе?" деген сауалына ол "өзім найман болғаннан кейін ол кісіні аға санап жүрдім" деп жауап берді.
"Мен Кәрімді емес, әкесі Қажымқан Қасымұлын аға деп санап жүрдім. Ал анасы Элеонора Кәрімқызымен жақсы қарым-қатынастамын. Қазір жасы 86-да. Дәрілерін сұрап тұрады. Бүгін ғана хабарластым. Дәрілерін көмектесіп алып беріп жүрмін", - деді Арай Мағауияқызы.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!