Үйге қоюға болмайтын улы бөлме өсімдіктері

Үйге қоюға болмайтын улы бөлме өсімдіктері
Фото: pixabay.com

Бөлме өсімдіктері таза ауамен қамтамасыз етумен қатар, үйіңізге сән беріп, көңіл-күйіңізді көтеріп, сіз отырған ортада жақсы атмосфера  қалыптастырады. Алайда кей улы бөлме өсімдіктері жайлы білу керек. Егер үйіңізде осы өсімдіктер болса, олардан арылыңыз немесе олармен абай болыңыз.

Диффенбахия

Бұл жапырақтарында ақ жолақтары бар әдемі гүл. Бұл гүлді бұрыннан үйде өсіреді және оны көптеген пәтерден кездестіруге болады. Алайда ол қауіпті өсімдіктер қатарына жатады. Себебі оның жапырақтарында улы шырын бар: ол теріні күйдіруі, көздің көруін нашарлатуы мүмкін.

Монстера

Бұл жапырақтары кесілген секілді үй шырмауығы. Оның жапырағында кальций оксалаты бар. Егер үйіңізде кішкентай бала болса және ол оның жапырағын аузына салып көргісі келсе, ол оны улауы мүмкін. Сол секілді ол үй жануарларына да улы.

Антуриум

Бұл өсімдік гистамин түзілуін шақыратын зат бөледі. Сондықтан аллергиясы бар адамдар одан алшақ болуы керек.

pixabay.com

Бегония

Бегонияны көптеген әйел жақсы көреді. Бірақ ода қымыздық қышқылының тұздары бар: ол теріні күйдіруі, теріні тітіркендіруі және құстыруы мүмкін. Әсіресе түйнегі улы. Сондықтан оны басқа ыдысқа көшіргенде қолғап киіңіз және болған соң қолыңызды жақсылап жуыңыз.

Олеандр

Олеандрдан ғалымдар олеандрин, корнерин және басқа да жүрек гликозидтерін анықтаған. Бұл заттар адамның немесе жануардың аузына және асқазанына түссе, жүрек ырғағы бұзылуы және жүйке жүйесі проблемалары пайда болуы мүмкін.

Үйді таза ұстауға көмектесетін 3 бөлме өсімдігі

А. Жапатова