- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Үйден шыға алмай...
"Үйден шыға алмай қалған кез болды". Танымал блогер зорлық құрбаны болғанын айтты
Фото:
Әлеуметтік желі
Juzefina лақапатымен танымал блогер бұрынғы жігітінің зорлық көргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол REVUE NEWS бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті.
"2022 жылы болған. Сәтсіз болды, мойымаймын, маған сабақ болды. 3 миллионға қарызға кіргізіп кетті. Ұрып-жықты, кейін ер адамдардан қатты сескеніп, үйден шыға алмай қалған кездер болды. Психологпен жұмыс істей бастадым. Ер адам жоласа, айқайласа, бірден қорқыныш пайда болады. "Ұрып қалса, талып қаламын" деген ой келетін", - дейді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек