2 апта бұрын шаңырақ көтерген әнші Ринат Шамшырақ әйелі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің таңдауы Аружан есімді қызға түскен. Бұл туралы ол Қызықты weekend бағдарламасында бөлісті.
"Жақсы дос болып араластық. Бұл әңгіме үйдегілерге жетті. Алғашқыда анам әйелімнің менен үлкен екенін, тұрмыста болғанын, баласы барын білмеді. Кейін "үйге әкел, Жаңа жылды бірге тойлайық" деді. Ауылдан қайтқаннан кейін ауылдағылар зерттеп қызыққан. Содан туысқандар арасында әңгіме басталды. Анам басқаша көзқараста болды. Анам "сенен үлкен ғой, болашағың алда" деді. Мен жарайды дей салдым. Сөйтіп туысқандар күнде хабарласып ренішін айтты. Не істеймін деп жүрдім. Сөйтіп ауырып, ауруханаға түстім. Сөйтіп күнде келіп жүрді. Үйдегілерге жақпай қалдым. Сөйтіп алдымнан шыққан басқа қыздармен сөйлесе бастадым. Бірақ ұмыта алмадым", - деді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!