Үйде емделемін деп асқындырып алуыңыз мүмкін: дәрігерлер жаз мезгіліне байланысты ескерту жасады

Үйде емделемін деп асқындырып алуыңыз мүмкін: дәрігерлер жаз мезгіліне байланысты ескерту жасады
Фото: depositphotos.com

Денсаулық сақтау министрлігі жаз мезгіліне байланысты азаматтарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күн жылынуына байланысты жіті ішек инфекциясын жұқтыру қаупі артады. Ол - асқазан мен ішек жолдарын зақымдап, ағза улануына әкелетін жұқпалы аурулар тобы.

Аурудың негізгі белгілері:

  • жүрек айну, құсу;
  • іш өту;
  • іш ауруы;
  • дене қызуы көтерілуі;
  • әлсіздік;
  • ағза сусыздануы.

Мамандар аурудың алдын алу үшін тамақ ішер алдында және дәретханадан кейін қолды сабынмен жууды ұсынады. Сондай-ақ, жемістер мен көкөністерді мұқият жуып, тек қауіпсіз ауызсуды тұтыну қажет.

Бұдан бөлек, азық-түлікті сақтау талаптарын ескеру, ет, балық және жұмыртқаны әбден пісіру, сондай-ақ, рұқсат етілмеген сауда орындарынан тамақ сатып алмау маңызды.

Ішек инфекциясының белгілері байқалған жағдайда дәрігердің көмегіне жүгінген жөн. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget