"Ұятыңыз болса, қоярсыз". Гүлнұр Мамасарипова қызы Сара Амангелдіге қатысты тосын мәлімдеме жасады

"Ұятыңыз болса, қоярсыз". Гүлнұр Мамасарипова қызы Сара Амангелдіге қатысты тосын мәлімдеме жасады
Фото: видео кадры

Танымал продюсер Гүлнұр Мамасарипова қызы Сара Амангелдінің атынан парақша ашып, жұртты алдап жүргендерге үн қатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Продюсердің қызы Сара Амангелдінің атынан белгісіз біреулер желіде жалған парақша ашқан. Гүлнұр Мамасарипованың айтуынша, қызы желіде парақша жүргізбейді.

"Сарада парақша жоқ. Әлеуметтік желіде мүлдем жоқ. Біреудің өмірін сүру қаншалықты дұрыс?! Ұятыңыз болса, қоярсыз, иә", - деп жазды ол. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек