“Ұятым жібермейді“. Еркебұлан Тоқтар айыппұл арқалады

Актер әрі ММА файтері Еркебұлан Тоқтар жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл арқалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі өзіне полицей хабарласып, желі қолданушысы видео жібергенін айтқан. Онда өнер иесінің жол ережесін бұзып жатқаны көрінеді. 

Оқиға Астанада Қабанбай батыр даңғылында болған. Ол паркингтен шығып жатқанда, жолдың көліктер жүретін бөлігіне ығысу үшін автобус жолағымен жүргенін түсіндірді, алайда видеода ол жері көрінбейді. Ол айыппұлды даусыз төлейтінін мәлімдеді.

"Сасығанда да дұрыс сасымайсыңдар ма? Не тірлік мынау? Видеоға түсіріп, оны қырқып-қырқып салып жіберген. Олай мен де жасай аламын, бірақ ұятым жібермейді. Хейтерлерімнің біреуі шығар. Айыппұлды төлейсің, бірақ мәселе сендердің сасығандарыңда болып тұр", - деді ол. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!