“Ұят емес пе?“. Мақпал Жүнісова “Музарт“ тобының жігіттеріне ұрсып берді

Қазақстанның халық әртісі, белгілі әнші Мақпал Жүнісова өнердегі інілері, "Музарт" тобының ән жазатын студиясын көріп, ашуға берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мақпал Жүнісова инстаграм-парақшасындағы сторисінде "Музарт" тобының ән жазатын студиясына барып, баспалдақтан құлай жаздағанын айтты.

"Құрметті "Музарттың" атақты жігіттері! Мейрамбек Бесбаев, Кенжебек Жанәбілов, Сәкен Майғазиев! Студияларыңыз өте тозған, баспалдақтан құлап қала жаздадым. Қабырғалары тесік-тесік, ауа да жоқ. Өте нашар студия. Сіздер өз үйлеріңізді ғана емес, халық келетін, әншілер келетін мына студияларыңызды да тездетіп жөндеңіздер. Ұят емес пе?! Өздерің осындай үйде тұрмас едіңдер! Біз ән жазып кеттік, бірақ сіздер үшін ұялып тұрмын", - деді халық әртісі. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз