- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Ұялмаған әнші болады"....
"Ұялмаған әнші болады". Көпшілік Гүлзира Айдарбекованың ән айту қабілетін сынап тастады
Желі қолданушылары продюсер Гүлзира Айдарбекованың ән орындау қабілетін сынап тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Гүлзира Айдарбекова Instagram-дағы парақшасында Кипрден естелік видеоны және өзі орындаған әнді қоса жүктеген.
"Осы жолғы Кипрдағы естеліктерім лентамда тұра берсінші. Әрбір күніміз тарих қой, шіркін! Оқырмандарыма да әлемді көзімен көру бұйырсыншы! Осы әнімді Нұрекең ерекше жақсы көріп тыңдаушы еді, сіздер де тыңдап көріңіздер. Қандай жағдай болса да,махаббаттарыңыз көркем болып, қосақтарыңызбен бірге болуларыңызды жазсын Алла! Қайсыбір жүрек кешірімді болса, тыныш өмір сүреді. Тағдырға риза болған жан, бақытты ғұмыр кешеді. Алланы әрдайым мақтап жүретін жан,таңды жылы жүзбен атырады", - деп жазды ол.
Алайда әншінің кей оқырманына оның ән орындағаны ұнамаған сияқты.
Желі қолданушылары "Түк дауыс жоқ, ұялмаған әнші болады деген осы екен-ау", "Ән әдемі екен. Орындаушы туралы ештеңе айтқым келмейді", "Ойбуууу, өзі Кипрге кеткенде даусы елде қалып қойған ба?" деп пікір жазған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан