Үй тазалап танымал болған жігіт екі әншіге алтын тағып, құрмет көрсетті

Үй тазалап танымал болған жігіт екі әншіге алтын тағып, құрмет көрсетті
Фото: жеке архивтен

Әлеуметтік желіде үй тазалап танымал болған Нұрхан Нұрмаханбет танымал әншілерге алтын тақты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, қос әнші бұл саланы енді бастағанда қолдау көрсетіп, арқасынан қаққан.

"Бүгін көптен бері көкейімде жүрген бір парызымды орындадым. Менің осы дәрежеге жетуіме себеп болып, әрдайым қолдау көрсеткен Жанар апам мен Салтанат әпкемді қонаққа шақырдым. Сіздерге шын жүректен рақмет. Кішкентай кезімде мені халыққа танытып, еңбегімді көрсеткен - Жанар Айжанова апам мен Салтанат Бақаева әпкем", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nurkhan Nurmakhanbet (@nurkhan_nurmakhanbet)

Желі қолданушылары жылы көрініске ізгі тілегін жазды: "Бір жылағым кеп кетті. Жүрегі кең жігіт", "Дұрыс істедің, құтты болсын", "Жасаған жақсылықты ұмытпағаны қандай керемет".

Еске салайық, бұған дейін ол айына қалай 15 миллион табатынын айтқан болатын. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget