Қазақстанда қанша педагог бар? Бұл сауалға Оқу-ағарту министрлігі жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министрлік мәліметінше, қазір елімізде 22 мыңнан аса білім беру ұйымы бар. Мұнда 6 миллионға жуық оқушы білім алады, 600 мыңға жуық ұстаз еңбек етеді.
"Оның ішінде 400 мыңнан аса педагог орта білім беру саласында еңбек етіп жүр", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, педагог мамандығы бойынша оқып жатқан студенттердің шәкіртақысы бес жылда екі есе көбейді. Жаңа оқу жылынан бастап шәкіртақы 84 мың теңге болды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!