- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Ұстап алып ауыздарыңа...
"Ұстап алып ауыздарыңа тығамын". Белгісіз біреулер Ырысбала Икрамбайдың отбасын дуалауға тырысқан
Танымал блогер Ырысбала Икрамбай бұған дейін түннің ортасына үйіне көмек сұрап келетін жандар туралы айтқан болатын. Енді адамдар блогердің үйін торуылдауды шығарған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ырысбала Икрамбай бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Адамдар есігінің алдына келіп, түрлі заттар шашатын көрінеді.
"Мен Алматыға кеттім деген бойда біздің үйдің алдына келіп, босағамда, есігімнің алдында не істеп әуре боласыңдар осы? Мұндағы мақсат не?
Есігімнің алдына шашқан нәрселеріңді ұстап алып ауыздарыңа тығамын. Сабырдың да шегі болады ескертемін. Төрт жағыма төрт тәуіп, бақсы-балгер отырғызып қоюға шамам келеді, ақылым жетеді. Бірақ мен саналы түрде тек ғана Алладан қорқамын, Аллаға ғана сенемін. Алланың жаққан отын ақымақ үрлеп өшіре алмайды. Әуре болмасаңдаршы, мен қабылдамайды екенмін, қабылдай алмайды екенмін.
Менде кеше өмірге келген жоқпын, жасаймын десем азғындық менің де қолымнан келеді, енді есігімнің алдына келетін болса үйге кіргізіп алып, мұрнын тегістеймін. Үйіме келіп қастандық жасамақшы болды, мен қорғандым деп заң өкілдеріне ұстатып біраз жылға жететін мәселе жасап беремін. Дуа-пуаларыңды жинап алыңдар, дуакештер. Бұл дүниеде әркімнің тапсырысын орындамай ақша үшін, о дүниелеріңді де ойлаңдар.
Маған ақ батасын беріп, тілеуімді тілеп отырған халық бар. Алланың 99 есімінің бірі Әл-Халиқ. Ешкімнен пана таппағанда жанынан көппен бірге табылғанымда, қаншама жесір әйелдің қуаныштан төккен көз жасы бар иығымда, қаншама жетім баланың "рахмет Ырысты әпке" деген алғысы бар. Біреуден қорқып отыруға уақытым жоқ екен, кешіріп қойыңыздар", - деп жазды ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Телефонды жоғалтып алғанда не істеу керек?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә