- Негізгі бет
- LifeStyle
- Ұшық неге шығады?...
Ұшық неге шығады?
Бірдеңеден жиіркенсеңіз, ұшық шығып кетеді дегенді сіз де естіген боларсыз?! Бұл қаншалық дұрыс айтылған және ұшықты қалай жылдам кетіруге болады? Бұл сұрақтарға невролог және нутрициолог Ұлжалғас Сманова өзінің Instagram парақшасында жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігердің айтуынша, бұл тек жиіркенсе шығатын жара емес.
"Қонаққа бара қалсаң, кей адамдар тамақтан бұрын да, кейін де ауыз шайып, ұшынып кететінім бар деп жатады. Кез келген нәрседен жиіркенгесін әрине, ұшық шығады. Сіз де осы оймен келісесіз бе? Бірақ сіз үшін таңсық болса да айтайын, ұшық жиіркенсе ғана шығатын, яғни эмоциялық көңіл күйге қарай шығатын жара емес", - деді дәрігер.
Ұшықты медицина тілімен герпес деп атайды. Дәрігердің айтуынша, ол кенеттен шығатын жара емес.
"Бұл, әсіресе, иммунитет төмен кезде шығады және ағзада ұзақ уақыт сақталады. Герпестің жұғу қаупі болған соң да гигиенаны ұстану керек, емделу керек. Ұшық шыға бастаған кезде-ақ емді неғұрлым ерте бастаған дұрыс. Сонда ғана жылдам жазылады. Әдетте жиі жіберетін қателігіміз - ұшыққа жақпамай (мазь) жағу. Ол емдемейді демеймін. Жақпамай жараның сыртқы бетін жазады. Ал оның алдын алу үшін, жиі шыға бермес үшін тексерілген дұрыс", - деп ескертті Ұлжалғас Сманова.
Дәрігер үй жағдайында емделудің бірнеше жолын ұсынды:
- Теңіз тұзымен тәжірибе жасап көріңіз. Алдымен тамақты шайқап, артынша оны бөрткен жердің үстіне де жағуға болады. Содан соң таза сумен шайып жіберіңіз.
- Герпесті шаймен емдеуге де болады. Ол үшін құрамында вирусқа қарсы заттары бар шайды қолданыңыз. Мысалы, қара және көк шайдың құрамында вирусқа қарсы қабілетке ие таниндер бар. Аурумен күресуге көмектесетін антиоксиданттар да бар. Жалбыз бен түймедақ қосылған шайларда да осы аталған қасиеттер бар. Шайды ішу жеңіл. Әрине, оның әсері бірден білінбейді, бірақ пайдасы бар. Сондай-ақ ұшықтың үстіне қалта шайларын қоюға болады.
- Герпесті гемамелистің көмегімен емдеуге болады. Оны да сұйық құрал ретінде мақтаның үстіне жағады. Бұл әдіс бөрткен жерлерді құрғатып, жазылуды жылдамдатады. Бірақ аллергия бар-жоғын біліп алу үшін оны алдымен шынтақтың ішкі тұсына жағыңыз.
- Әдетте, ацикловир, фамцикловирі бар кремдер жиі жағып жатады. Бірақ олардың пайдасынан гөрі зияны көп болғандықтан, оларды тек соңғы сәтте ғана ұсынады.