Танымал актриса, әнші Айгүл Иманбаева денсаулығына байланысты Түркияда қаралып жүргенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Құрметті менің оқырмандарым! Мен қазір Ыстамбұл қаласындамын. Бұл жаққа келуімнің себебі – денсаулығымды толықтай тексеруден өткізу. Қазіргі тілмен айтқанда, Check Up. "Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде". Денсаулық – зор байлық, достар! Ауырмаңыздар!", – деген Айгүл Иманбаева "Осындай бақытты сәттермен қауышу үшін ең алдымен толыққанды тексерістен өтіп алу қажет", – деп, тексеріліп жатқан видеосын қоса жариялады.
"Жүкті екен деп қуанып кеттім ғой", "Мамаңыз қызымен бірге ем алуға кетіп, үшеу болып келіңіздер. Қызы және қызының қызы болып", "УЗИ екен деп, аяғы ауыр ма деп қалдым" деп пікір жазып жатыр желі қолданушылары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!