“Ұшақтан түсіріп жіберді“. Гүлзира Айдарбекова әуежайда оқыс оқиғаға тап болған

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова Астана әуежайында болған келеңсіз жайт туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

Ұшаққа отырған Айдарбекованы қызметкерлер шақырып, қайтадан түсіріп алған. Ол не болып жатқанын ұқпай, ұшқалы отырған жерінен шақырған қызметкерлерге барғанын жазды. 

"Бүкіл әуежайды басына көтеріп, менің аты-жөнімді айтып айқайламасы бар ма, радио рубрикаларымен. Келіңіз деп ұшақ жай қызметкерлері. Тура ұшар алдында. Жүгіріп барсам, тура бір қылмыскерді күтіп тұрғандай бір представитель бала тұр. Жүріңіз деп екінші қабаттан бірінші қабатқа түсіп, одан чемодандарды күтіп алатын жерге текпішекпен түстік. Бір үлкен чемоданды көрсетіп, "мынаның үшінде екі үлкен баклажкада не бар" деді. "Құрысын, бұл менікі емес" десем, "сіздің аты-жөніңіз жазылған" деді", - деп жазды продюсер. 

 

Гүлзира Айдарбекованың сөзінше, қызметкерлер шамаданды шатастырып алған. Ол абырой болғанда ұшаққа кірмей тұрып тіркеу бөліміндегі қыздардың сөмкелерін есте сақтап қалғанын айтып, қуанышын жеткізді. 

"Мені бекерге ұшқалы тұрған ұшағымнан қалдырасыңдар, жүріңдер регистрация жасаған қызға" деп жүгіріп, ала өкпе болып, алып келдім. Аллаға шүкір, екі чемоданым да олардың есінде қалыпты. "Иә, бұл кісінікі емес" деп мойындап, қайта жүгіріп, ең соңы болып, ұшағыма әрең дегенде қайта мініп үлгердім. Абайламасаңыз, олар да жаңылыс қағазын іле салады екен", - деп жазды Айдарбекова. 

Гүлзира Үсенқызы Айдарбекова - қазақстандық продюсер, танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы және оның шығармашылық жолындағы басты қолдаушысы.

Еске салайық, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімованың пәтеріне қатысты даулы жағдайға пікір білдіргенін жазған едік. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!