Белгілі әнші Інжу Әнуарбек Қызықты weekend бағдарламасында егіз қыздың анасы екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің сөзінше, тұқымдарында егіз болмаған.
"Ана болу мамандық қой. ...Егіз қыздар қатар келгенде қиындау. Егіз табиғи жолмен, Алланың қалауымен келген қыздар деп ойлаймын. Мен іштей егіз болсыншы деп армандамайды екенмін. Үш ұйықтасам түсіме кірмепті егіз болатыны. Көбі "кім жақта егіз бар? Сізде ме, жолдасыңыз жақта ма?" деп сұрайды. Менде де жоқ, ода да жоқ. Ол да бір Алланың берген сыйы. Егіз жоқ екі жақтан да жоқ", - дейді әнші.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз