- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Үш рет айырылған...
"Үш рет айырылған адаммын". Әнші Дидар Кәден жеке өмірі туралы айтты
Әнші Дидар Кәден жеке өмірі туралы "Қызықты weekend" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі жеке өмірін неге жасыратыны туралы айтты.
"Оның бір құпиясы бар. Парақшамнан үш рет айырылған адаммын. Алғашқы суреттерімнің бәрі айырылған парақшамда кетті. Белсенділігім жоғалған соң парақшамды жанұялық себептерге байланысты барлық суреттерді, анамның суретін де алып тастадым. Тек жұмыс парақшасы етіп қойдым", - деді ол.
Оның айтуынша, әншінің әлі де айтылмаған сырлары бар.
"Жақында қызды болдым. Әлеуметтік желіні өміріммен байланыстырмаймын деп шештім. Барлығы құпия түрде сақталсын деймін. Бойдақ емеспін, бала-шағам бар. Әлі ешкім білмейтін құпияларым бар", - деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы