Синоптик Михаил Леус 22–24 сәуір аралығында шамамен үш күнге созылатын магнитті дауылдың болатынын ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өзінің Telegram-арнасында ол Жердің магнитосферасында әлсіз ауытқулар қайта байқала бастағанын айтты. Түннің екінші жартысында бұл ауытқулар G1 санатындағы әлсіз магнитті дауыл деңгейіне жеткен.
"Бұл құбылыс Күн бетінде пайда болған ірі корональді тесіктермен байланысты емес. Оның себебі – Жер маңындағы магнит өрісінің бағытының қысқа мерзімді өзгерістері. Сондықтан бұл дауыл ұзақ немесе күшті болмайды", – деп түсіндірді маман.
Синоптиктің айтуынша, жерге әдеттегіден жылдам әрі тығыз күн желі ағыны жеткен кезде магнитті дауылдар сейсенбі, 22 сәуірде, күннің екінші жартысында басталады.
"Геомагниттік өріс қайта әлсіз қозып, кешке қарай 85 пайыз ықтималдықпен G1–G2 деңгейіндегі әлсізден орташаға дейінгі магнитті дауылдар басталуы мүмкін. Қазіргі таңда әлемдік болжам орталықтары бұл құбылыстың ұзақтығын үш күн – 22–24 сәуір деп бағалап отыр", – деп толықтырды синоптик.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!