"Нұр-Мұқасан" тобының жаңа әншісі Ғалымжан Сүлеймен өзін соққыға жыққан әріптесі Мұқасан Шахзадаевты кешірмейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Жан Ахмадиевке айтты. Әншінің айтуынша, қазір мұрнына алғашқы ота жасалып, ісік басылған соң тағы біреуі жасалатынын айтты. Ғалымжан оқиғадан кейін Мұқасан Шахзадаев бірде-бір рет хабарласпағанын айтты.
"Өкінішке қарай, Мұқасан өзі кешірім сұрап хабарласқан жоқ. Оның атынан келушілер көбейіп кетті. Бірақ өзі бір ауыз шықпады. Бұл тәкаппарлықтың шегі деп ойлаймын. Алғашқы үш күнде күттім, одан кейін де күттім. Енді кешірмеймін", – деді ол.
Ғалымжан Сүлейменнің адвокаты Инга Иманбай бұл Адам денсаулығына қасақана зиян келтіру екенін айтты.
"Адам денсаулығына қасақана орта дәрежеде зиян келтіруге 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұл Қылмыстық кодекстің 107-бабы "Азаматқа қасақана жасалған қылмыс" саналады. Адамдар тобының алдын ала сөз байласып, шақырып алып соққыға жығуы – әлімжеттік. Бұл кісілер бір салада жүрген орындаушылар, оның үстіне, Ғалымжан жасы кіші. Біз қоғамдағы, әскердегі әлімжеттік туралы жиі айтамыз, сол арада халыққа үлгі болуға тиіс өнер адамдарының өздері бір-біріне әлімжеттік жасап жүр. Мұны тыю керек", – деді адвокат.
Бұған дейінгі жағдай
Еске салайық, бұған дейін Мұқасан Шахзадаевқа қатысты тосын ақпарат тарады. Мәліметке сүйенсек, даудың басы әннен шыққан.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz