30 жастан асқан ер адамдарда тестостерон өндірісі біртіндеп төмендейді, бірақ оны кейбір жемістер мен көкөністер арқылы арттыруға болады. Бұл туралы уролог, андролог, медицина ғылымдарының докторы Александр Лубенников өзінің телеграм-каналында айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігердің айтуынша, егер ер адам қалыпты салмақты ұстап, салауатты өмір салтын ұстанатын болса, онда тестостерон деңгейі жеткілікті деңгейде сақталады. Әйтпесе, аталық бездің дұрыс жұмыс істемеуі, либидо, бұлшықет массасы және сүйек тығыздығы төмендеуі мүмкін.
Дәрігер тестостерон деңгейіне жағымды әсер ететін кейбір өнімдер бар екенін айтты. Ерекше пайдалы қосылыстар тимьян, балдыркөк, ақжелкен, жүзім, алма, бұршақтылар, қызанақ және көк шайда кездеседі.
"Дұрыс тамақтану арқылы сіз кез келген гормондардың, соның ішінде тестостеронның қалыпты синтезін сақтай аласыз", – деп қорытындылады маман.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз