70 жылдан аса уақыттан кейін алғаш рет табиғи мекеніне жіберілген Амур жолбарысының Үміт атты аналығы туралы қызық дерек жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Осы уақыт ішінде мамандар оның қозғалысын бақылап, жүрген жерін зерттеген.
"GPS қарғыбау арқылы жолбарыс қай аумақта болғаны анықталып, кейін сол жерлерге тексеріс жүргізіледі. Алғашқы күндердің өзінде Үміт өздігінен аң аулай алатыны белгілі болды. Мониторинг барысында оның қасқыр аулап, бірнеше күн бойы сол олжамен қоректенгені анықталды. Кейін жабайы қабанды да ұстаған", - деді Экология және табиғи ресурстар министрлігі өкілдері.
Ведомство мәліметінше, бұл - Үміттің жаңа ортаға бейімделіп, табиғи жағдайда өз бетінше тіршілік ете бастағанының белгісі.
Сурет: gov.kz
Қазір мамандар оның қозғалысын күн сайын қадағалап, табиғи ортаға бейімделу барысын одан әрі зерттеп жатыр.
Еске салайық, 31 шілдеде Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты аумағында тарихи оқиға тіркелді. 70 жылдан аса уақыттан кейін алғаш рет табиғи мекеніне Амур жолбарысының Үміт атты аналығы жіберілді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова