Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі өнер иесі тұңғышының туған күніне не сыйлағанын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дина Төреәлінің айтуынша, әншінің қызы өзі қатты қалап, тілеп жүрген сыйлығын алған.
"Кеше осы шөжегімнің туған күні болды. Уақыт неткен жылдам. Кеше ғана туылған сияқты еді, бүгін 9-ға келіпті. Орамалсыз салғанымды көрсе, ашуланатын шығар. Әлі кішкентай балапан ғой.
Сұлуым туған күніне алтын жинақ сұрады ал) Таза алтын керек кішкентай қыздарға арналған. Ата-анасы Ұмраға жолдама сыйлапты, өзі қатты тілеп, қалап жүрген тағы барсам ба деп", - деп жазған Дина Төреәлі.
Тағы да оқи отырыңыздар: Гидрофильді майды қалай қолданған дұрыс?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!