“Ұлым жақсы қабылдады“. Әнші Ayree жеке өмірі туралы айтты

“Ұлым жақсы қабылдады“. Әнші Ayree жеке өмірі туралы айтты
Фото: Видео кадры

Kezdesu-дің кезекті қонағы - Ayree лақапатымен танылған әнші Әйгерім Рақыш. Өнер иесі сұхбат барысында жеке өмірі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жуырда әнші екінші сәбиін дүниеге әкелді. Ол қызы туралы, сондай-ақ, ұлы екінші жұбайын қалай қабылдағаны жөнінде айтты.

"Қызымыздың есімін Зере деп қойдық. Әкесі Зере деді. Қазір үш айға толдық. Енді-енді жұмысымды бастап жатырмын. ...Ұлым жақсы қабылдады (екінші жолдасын - еск.). Өте бақытты. Терең әңгімелескен жоқпыз. Бірақ бәрін түсінді. Өзің бақытты болсаң, балаларың да бақытты болады. Демалыста біздің үйімізге келеді. Ол ата-әжесінің қолында өскен. Ата-әжесін қимайды. Қазір демалыста өзіммен бірге", - деді әнші.

Өнер иесі неліктен ұзақ уақытқа дейін жеке өмірін ашық айтпағанын да түсіндірді.

"Өнер жолымды және жеке өмірімді құпия ұстаған жоқпын. Жеке өмірім ешкімге қызық емес деп ойладым. Кейін бір ауыртпашылық сезгендей болдым. Содан кейін мені сұхбатқа шақырды. Сол жерде өзім туралы ашық айтайын деп шештім", - деді ол.

Айта кетейік, әнші Ayree 18 жасында тұрмыс құрып, 1 жылдан соң екіге кеткен. Ол 13 жыл өткен соң танымал клипмейкер, әнші, видеограф Нұркен Қасымовқа тұрмысқа шықты.

Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнадан көре аласыздар.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget