Ayree лақап атымен танылған Әйгерім Рақыш Massaget.kz тілшісіне жеке өмірі туралы айтып, эксклюзив сұқбат берді.
Жас әнші (шын есімі – Әйгерім Рақыш) Ayree 1992 жылы музыканттар отбасында дүниеге келген. Әйгерімнің әкесі саксофонда ойнайды, анасы вокалдан сабақ береді. Бауырларының бәрі де музыкаға жақын. Әйгерімнің өзі музыкалық мектепте 10 жыл бойы домбыра сыныбында сабақ алған. Өнерпаз 18 жасында тұрмыс құрып, 19 жасында ұлды болады. Бір жылдан соң ажырасқан Ayreeдің ұлына қауіпті диагноз қойылған. Әнші жуырда сұқбат беріп, ұлы туралы шындықты халыққа жеткізген болатын.
© @bolat_aitmolda
"Әрине ол туралы ойланатынмын. Ол құпия емес. Менің жақындарым және әріптестерімнің бәрі білген. Бірақ оны жария қылып, хайп ұстау деген ниет болмады. Ол шешімге ұзақ келдім. Неге? Себебі жеті жыл мен Ayree өз-өзіммен күресіп, дамып бірақ 100 пайыз Ayree бола алмадым. Ол үшін не істеу керек? Ойларымның бәрін жинақтау керек болды. Сен жаман ештеңе істемесең жер басып емін-еркін жүруің керек. Бәрінде тағдыр әртүрлі. Бәрінің басындағы сынағы болады. Мүмкін осы сұқбаттан кейін менен біреу мотивация алатын шығар немесе менің жаман жағымды көретін шығар. Бірақ қуанышты жағдай көбісі соның ішінде әйел адамдар көптеген хаттар жазады. Олар өздерінің бір басынан өткен тағдырларын айтып береді. Сәйкес келеді біреулері тіпті мә, менің қиындығым сіздің қасыңызда ештеңе емес екен. Сіз маған мотивация бересіз деп жазған аудиоларды естіген кезде мен өзімді бақытты сезінемін. Мен ата-анаммен ақылдастым, олар маған 2-3 жыл бүрын осылай ашық сұқбат бермейсің бе деп кеңестерін айтатын", - дейді әнші.
© @bolat_aitmolda
"Қазір ұлым 12 жаста. Ептеп сөйлейді, арнайы мектепте оқиды. Шетелде емдеу туралы барлық жағдайларды қарастырдық. Енді ол диагноздың түр-түрі бар. Тек бір ғана емдеу емес кәдімгі жеке сондай ерекше балаларға арнайы ем-шараларын қажет етеді. Туылғаннан бері үйде, тұрақты түрде емделеді. Аяққа тұрып, емделіп кететініне мен сенемін", - дейді Ayree.
Әнші сәтсіз некеден кейін қазір жігіттер қауымына аса сенбейтінін жеткізді.
© @bolat_aitmolda
"Енді мен "иә", деп айтпаймын. Бірақ сенім қалмады. Мен тіпті қарамаймын. Сенген былай тұрсын өкінішке қарай, менің көңілім қалды. Менде бір шарт бар. Мен ешкіммен кездеспеймін, Ол адам мені бірден әйелдікке алуы қажет. Мен танымал адаммын. Менің бастан өткерген оқиғамды бүкіл халық біледі. Тағы не керек? Сақинасымен келсін тіпті сақинада сұрамаймын. Ата-анама келіп айту керек. Мен тек кездесіп, уақыт жоғалтпаймын. Бұйырғанын көреміз. Менің болашақ күйеуім мен үшін және халық үшін ең батыл, ең батыр, мені бақытты қылған мен үшін жауапкершілік алған ер азамат ең мықты адам болады", - дейді өнер иесі.
© @bolat_aitmolda
"Бұрын ажырасқанына қарамаймын. Себебі ол тағдыр. Болашақ ер-азаматымның мен бағалайтын қасиеті көп болуы керек. Бірақ негізі айтты ма сөзінде тұруы керек, тәрбие көрген және адал".
Айта кетейік, бұған дейін әнші Ayree алғашқы махаббатына тұрмысқа шығып, бірақ артынша ажырасып кеткенін, 9 айлық сәбиіне қауіпті диагноз қойылғаны туралы жазған едік.
Тағы да оқи отырыңыз: Жұлдыздар неге жиі ажырасады?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз