Ұлыбританиялық жұп ерекше әрекетімен Гиннесс рекордын жаңартты

30 секунд ішінде қызын 146 рет сүйген жігіт Гиннестің рекордтар кітабына енді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Oxu.Az-ға сілтеме жасап. 

Ұлыбританиялық журналист Джошуа Сандерс пен оның серіктесі Дженни Трой сүйісу бойынша Гиннесс рекордын жаңартты.

Видео Guinness World Records ұйымының TikTok-тағы ресми аккаунтында жарияланған. Бұл ұйым жетістіктерге қатысты деректер жинайды.

Видеодағы жазбада рекорд орнату үшін жұп ұйымның Суиндон қаласындағы штаб-пәтеріне арнайы барғаны көрсетілген.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!