Барлық тағамды қайта жылытып жеуге болмайды. Бұл жағымсыз салдарға және тамақтан улануға әкелуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі FitFirFun-ға сілтеме жасап.
Картоп. Қуырылған картопты бірден жеген дұрыс. Себебі бұл тағамда бактерия пайда болуы мүмкін.
Құс еті және жұмыртқа. Мұның себебі өнімнің құрамындағы ақуызда. Жұмыртқа не тауық етін қайта қыздырған кезде, құрамындағы ақуыздың құрылымы өзгеруі мүмкін. Ал бұл өз кезегінде асқазан жұмысын бұзу қаупі жоғары.
Кешегі сорпа. Негізінен кешеден қалған сорпаны жылытып ішудің ешқандай зияны жоқ. Дегенмен егер оның құрамында балдыркөк, асжапырақ немесе қызылша болса, абай болу керек. Олардың құрамындағы нитраттан тамақты қайта қыздырған кезде токсин бөлініп, тіпті канцерогенді заттар түзілуі мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін онколог қандай жағдайда микротолқынды пеш қатерлі ісік тудыратынын түсіндірген еді.
Микротолқынды пештің негізі электромагнитті толқындар. Дәл осындай толқындар, мысалы, қарапайым ұялы телефондарда да бар.Тек микротолқынды пеште олар сыртқа шықпайды.
Қатерлі ісіктердің дамуы радиация, темекі шегу, вирусты аурулар, сондай-ақ тұқым қуалайтын бейімділікке байланысты.
Тағы да оқи отырыңыздар: Мезотерапия қалай жасалады?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз