- Негізгі бет
- LifeStyle
- Улануға, қатерлі ісікке...
Улануға, қатерлі ісікке әкеп соғуы мүмкін: жеуге болмайтын қызанақтың екі түрі
Қызанақ - ең пайдалы көкөністердің бірі. Ол ас қорытуды жақсартады, иммунитетті қорғайды. Бірақ олардың барлығы бірдей пайдалы емес, кейбіреулерін жеуге тыйым салынған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.
Диетологтар мен дәрігерлер қызанақтың екі түрі қауіпті екенін айтады. Біріншісі - жасыл қызанақ, яғни піспеген қызанақ. Оларда соланин өте көп. Бұл баклажан немесе картоп қабығының піспеген жерлерінде де кездеседі. Сарапшылардың пікірінше, соланин жеу салдарынан адам қатты улануы, құсуы мүмкін, тіпті ол галлюцинация тудыруы мүмкін.
Соланиннен улануға ересек адамға дене салмағының әр килограммына 2,8 миллиграмы жеткілікті болады. Бұл жағдайда 100 грамм қызанаққа 58 миллиграмм соланиннен келеді. Сонымен қатар, дәрігерлер жасыл қызанақтың құрамында қызанақ пен картоп токсині бар екенін айтады. Бұл да улы заттар, бірақ олардан адам бірнеше келі қызанақ жеген кезде ғана уланады.
Бірақ жасыл қызанақты маринадталған түрде жеуге рұқсат етіледі. Өйткені маринад осы токсиндердің барлығын өлтіреді. Ал қара дақтары бар қызанақты ешқашан жеуге болмайды. Бұл - қызанақтың зиян бактериялармен ластанғанының белгісі. Денеге енген токсиндер иммунитетті өлтіреді, аллергия, дисбиоз және тіпті онкология ықтималдығын арттырады. Сондықтан мамандар қызанақтың бүлінген жерін кесіп тастап, жеуге болмайтынын, өйткені бактерия қызанақтың ішіне терең енетінін айтады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова