Украиналық балалар Қазақстанда оңалту курсынан өтеді

Украиналық балалар Қазақстанда оңалту курсынан өтеді
Фото: baldauren.kz

Украиналық балалар Қазақстанда оңалту курсынан өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығы мәлімдеді.

"3 маусымда Қазақстанға демалыс пен оңалтудан өту үшін Украинадан балалар келді. Оларға біздің еліміз туралы танымын кеңейтуге бағытталған бірқатар іс-шара жоспарланған. Балалар "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне экскурсия жасап, Астана қаласындағы көрнекті орындарға саяхаттайды. Мұндай сапарлар балалардың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, мәдениетаралық түсіністік пен өзара құрметті қалыптастыруға, халықтар арасындағы достықты нығайтуға ықпал етеді", - деп жазылған хабарламада.

Орталық жұмыс істеген жылдар ішінде мұнда әлемнің 15 елінен келген балалар демалған. Кейінгі үш жылдың өзінде ғана "Балдәурен" ТМД елдерінен, Қытай, Түркия, Моңғолия және басқа да мемлекеттерден келген 700-ден аса шетелдік баланы қабылдаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget