- Негізгі бет
- LifeStyle
- "ҰБТ-да бұл туралы...
"ҰБТ-да бұл туралы сұрақ болғанын естідім". Әли Оқапов Роза Рымбаеваның 10 бөлмелі пәтері туралы айтты
Танымал әнші Әли Оқапов анасы он бөлмелі пәтерде тұрады деген қауесеттерге жауап берді. Тіпті ҰБТ кезінде де осындай сұрақ қойылғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Балам екеуміз өскен жерімді аралап жүрміз. Республика алаңы, Байсейітова 40/1, 13-пәтер. Үй телефоны 63-28-76. Біз 4-қабатта тұрдық, пәтер ауданы 74 шаршы метр болатын. Кейбір ҰБТ сынақтарында Рымбаеваның пәтері, дәлірек айтсақ, бөлмелер саны туралы сұрақ болғанын естідім. Дұрыс жауап - 10 бөлме. Біріншіден, бұл ақпараттың Қазақстан Республикасының тарихы үшін қандай құндылығы бар? Екіншіден, ол қайдан шыққан? Неге адамның мүлкі туралы жеке (жалған) ақпарат осылай таратылады? Әрине авторларға сұрақ көп, бірақ бұл бос сөз ғой. Шыңғысхан жылқысының тістері туралы да естігенмін. Жалпы, керемет шағынаудан еді. Бұл жерден көшкеннен кейін де көп нәрсе байланыстырды. Жалпы, мен Сәлемдікпін, "Алма-аталықтар" түсінеді. Бірақ ол туралы естеліктеріме басқа жазба арнаймын", - деп жазған өнер иесі.
Еске салайық, бұған дейін әнші Әли Оқапов жұбайы Ақерке Бүркітбайға үйленуге ұсыныс жасарда жүзік алуға ақшасы болмағанын айтқан еді.
Оның сөзінше, жарына ұсыныс жасаған кезде сыйлаған жүзігін анасынан алған.
"Анама үйленетінімді айттым. "Карантин бір кезде бітеді ғой" дедім. Анам "түсіндім, не қажет?" деді. "Қазір сақинаға ақшам жоқ. Ұсыныс жасауға сақина керек" дедім. Бәрін кереуетке жайып тастап, "таңда" деді. Ондайдан хабарым да жоқ. Бастысы алтын таңдамадым. Бәрі алтын жүзік болды, ішінен алтыннан жасалмаған жүзікті таңдап алдым. Ол ақ алтын болды, күміс деп ойладым. Роза Рымбаеваға қандай жүзіктер сыйлыққа берілетінін білсеңіз?! Ал мен ең қарапайымын, әдемісін таңдадым. Кейін үш апта ұсыныс жасайтын сәтті таңдай алмай жүрдім", - деп еске алды әнші.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек