- Негізгі бет
- LifeStyle
- Уайымнан басыңыз биттеп...
Уайымнан басыңыз биттеп кетуі мүмкін бе?
Әр нәрсені уайымдайтын немесе қайғырып жүрген адамның басы биттеп кетуі мүмкін дегенді естіген боларсыз. Халық арасында мұндай пікір қалай пайда болған және ол рас па?
Күйзеліс пен педикулездің (биттеу) бір-біріне ұқсайтын белгілері бар:
- Бас терісінің қышуы;
- Нақты бір жерді қасығы келу;
- Терінің қызарып кетуі;
- Қанағанша қасу.
Бұл белгілер педикулезбен ауыратын да, күйзеліспен немесе созылмалы депрессиямен қиналып жүрген адамдар да пайда болуы мүмкін. Қышудың неліктен пайда болғанын науқасты тексермес бұрын анықтау мүмкін емес.
Бұрын адамдар жүйкесі қозған немесе қайғырып жүрген адамның басы қышитын болғандықтан, ода бит бар деп санаған. Халық арасында бит гигиенаны дұрыс сақтамаған немесе балаға дұрыс күтім жасамаған адамда болады деген пікір тарап, оны "кедейлер ауруы" деп атап кеткен. Сол үшін басында биті бар адам одан ұялатын болған.
Алайда уайымнан бит пайда болады деген пікір өтірік. Бит – бір тасушыдан екіншісіне өтетін паразиттер. Битті жұқтырып алу үшін оны тасушымен кішкене байланыстың өзі жеткілікті.
Бит жұғуының кең тараған әдістері:
- Екі адамның басының бір-біріне үйкелуі;
- Биті бар адамның тарағын, шаш қыстырғышын қолдану немесе бас киімін кию;
- Ұзын шашты қыздардың шарфы арқылы жұғуы мүмкін.
Битті тек басқа адамнан жұқтыруыңыз мүмкін. Ол жануарлардан жұқпайды және өздігінен күйзеліс салдарынан пайда болмайды.
Бит күйзеліс жағдайындағы адамды жақсы көре ма?
Көпшілік бит лас теріде болады деп ойлайды, алайда биттер таза басты жақсы көреді. Терінің өлген қабыршақтары, май және басқа да ластықтар биттерге қанға жетуге кедергі келтіреді. Алайда адам өте сирек суға түссе, ода өзіне тән иіс пайда болады. Ол терді жумайды, мұндай иіс паразиттер үшін тартымды. Күйзелістегі адам гигиена сақтаса да, ода бұл иіс күшейе түседі. Иісі бар адам биттер және басқа да паразиттер үшін тартымды. Бірақ жоғарыда айтқандай, адам күйзелісте болса да бит өздігінен пайда болмайды, ол оған басқа адамнан жұғады.
Оқи отырыңыз: Баланың басында бит бар екенін қалай білуге болады?
А. Жапатова