Жиі уайымдау әдеті адамның эмоциялық жағдайына және жалпы денсаулғына жағымсыз әсер етеді. Ол созылмалы күйзелістің пайда болуына және жүрек проблемасы секілді ауруларға әкелуі мүмкін. Кей адамдар жағымсыз жағдайды немесе тәжірибені артқа қалдырып, одан сабақ алып, ары қарай өмір сүреді. Бірақ әр нәрсені уайымдай беретін де адамдар бар. Сыртқы жағдайларды және адамдардың реакциясын бақылау мүмкін емес екенін түсіну маңызды. Теп-теңдік тауып, дана бола түсуге болады. Әр нәрсені уайымдамауды қалай үйренуге болады?
Басқалардың ісіне араласпаңыз
Көпшілік адам басқалардың ісіне жиі араласып, өзіне проблема тауып алады. Адам солайша жақсы нәрсе жасап жатырмын деп ойлап, өз логикасының жалғыз дұрыс шешім екеніне сенеді. Ал егер басқа біреу сізбен келіспесе, оны сынайсыз және оны дұрыс жолға, яғни, өз жолыңызға түсіргіңіз келеді. Алайда әр адам өздігінше ерекше. Екі адам бір нәрсені екі түрлі жасауы мүмкін. Басқалардың өміріне, ісіне араласпаған дұрыс.
Кешіріңіз және ұмытыңыз
Бұл жан тыныштығына жетудің ең тиімді әдісі. Көпшілік өзін ренжіткен адамға деген жағымсыз сезімдерді іште сақтап жүреді. Ол сізді бір рет қана ренжітті, бірақ оны іште сақтағандықтан, ол сіздің жаныңызды ұзақ уақыт бойы ауыртады. Сондықтан оны кешіріңіз де, ары қарай өмір сүріңіз. Өмір өте қысқа, оны ұсақ-түйекке құртудың қажеті жоқ.
Өзіңізге мінсіз болмауға рұқсат беріңіз
Біз бәріміз қателесе аламыз, бұл қалыпты нәрсе. Егер жоспарлар өзгерсе, оны уайымдап жүрудің орнына сіз де сонымен бірге өзгеріңіз және жағдайға қарай жылдам бейімделіп үйреніңіз.
Физикалық белсенді болыңыз
Бұл мазасыздықты кетіретін жақсы әдіс. Аздап жүктеменің өзі кортизол деңгейін түсіреді.
Медитация жасап үйреніңіз
Тыныс алу жаттығуларын жасаңыз. Күнделікті медитация жасап үйренсеңіз, аз уайымдайтын боласыз. Бойыңыз сергеп, миыңыз мазасыз ойлардан тазарады.
Серуендеңіз
Серуендеу адамның физикалық та, эмоциялық та денсаулығына пайдалы. Әсіресе, табиғатта серуендесеңіз, мазасыз ойлардан арыласыз.