“Уайым-қайғымыз басылды“. Қайрат Нұртас елге кішкентай қызын көрсетті

Танымал әнші Қайрат Нұртас кішкентай қызымен түскен ерекше видео жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қызым менің, кішкентай Рәбиә Сұлтаным!" - деп жазды өнер иесі желідегі парақшасында.

Әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың қарым-қатынасы ел арасында жиі талқыға түседі. Мұны желі қолданушылары да байқаған:

"Уайым-қайғымыз басылды. Бәріміз өз мәселеміз жоқтай жұртты ойлап жүрген жайымыз бар", "Қуанып кеткендер нешеуміз?", "Бақытты болыңдаршы! Сендердің қарым-қатынастарыңа өзімдікінен артық уайымдаймын".

Айта кетейік, жуырда Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін дүниеге әкелді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!