Тұз - адам рационына қажет өнімдердің бірі. Онсыз денеміздегі бірде-бір жасуша қызмет ете алмайды. Бірақ оның мөлшері бәрін шешеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тұздың қандай пайдасы бар?
- Тұз ағзадағы су-тұз балансын реттейді және қан қысымын қалыпты ұстайды.
- Жүйке импульстерінің берілуіне және бұлшық ет жиырылуына қатысады.
- Тұз құрамындағы натрий жүрек пен ми жұмысына қажет.
- Йодталған тұз қалқанша безінің ауруларының алдын алуға көмектеседі.
Тұздың зияны қандай?
- Артық тұз қан қысымын жоғарылатады.
- Адам ісініп, бүйрек пен жүрекке күш түсіруі мүмкін.
- Инсульт, инфаркт және остеопороз қаупін арттырады.
- Көбіне дайын өнімдерде (шұжық, ірімшік, тұздықтар) тұз көп болады және нормадан қалай асып кететінімізді байқамаймыз.
Адамға қандай мөлшерде тұз қажет?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) күніне тұзды 5 граммнан асырмауды ұсынады, бұл - шамамен бір шай қасық тұз.
ДСМ кеңесі
- Тамаққа тұзды көп салмай, тұзды дәмдеуіштермен алмастыруға тырысыңыз.
- Қаптамадағы өнім құрамын оқыңыз, тұз мөлшеріне назар аударыңыз.
- Егер созылмалы аурулар болса, тұздың мөлшерін бақылау өте маңызды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!