Бір адам суықтап қалып немесе белгілі бір дене бөлігі шаншығанда "тұз суға жат", "аяғыңды тұзды суға сал" деген халықтық емді естіген боларсыз. Иә, бұл минералды ванна деп аталатын емнің бір түрі. Дегенмен мұндай емге барлығы бірдей сене бермейді. Сондықтан Massaget.kz тілшісі тұз қосылған ванна шынымен де денеде жиналған суықты шығара ала ма деген сұраққа жауап іздеп көрді.
Тұз қосылған ванна:
Ваннаны қабылдағаннан кейін денеде "тұзды шапан" деп аталатын қорғаныс пайда болады. Минералды микрофильм денені қоршап, бос радикал мен ауадағы зиян заттардан қорғанысты күшейтеді.
Тұздың құрамына кіретін натрий, калий, бром, йод, магний, кальций, фтор секілді минералдар сізді сауықтырады. Тұз қосылған ваннаны балалар да, ересектер де көңіл-күй мен жалпы жағдайын жақсарту үшін қабылдауына болады. Процедура көптеген аурудың ағымын жеңілдетеді, ауырсынуды азайтады, қалпына келтіру және оңалту процесін жылдамдатады.
Тұз қосылған ваннаға хош иісті май мен шөп қосуға болады. Олар:
Тұз қосылған ваннаның пайдасы
Тері. Тұз теріні сергітеді, целлюлиттен арылтады, тері тіндерді әртүрлі минералдармен қанықтырады, экзема, дерматит, псориаз, нейродермит және басқа тері ауруларын дезинфекциялайды және жеңілдетеді. Тұзды ванналардан кейін тері балғын, нәзік және жарқын көрінеді.
Шаш пен тырнақ. Бас терісіндегі қан айналымының жоғарылауының арқасында шаш фолликулалары көбірек қоректік заттар алады, яғни шаш аз түсіп, тез өседі. Бұл тырнақтарға да қатысты, олар қаныршақтану мен сынуды тоқтатады.
Бұлшықет және буын. Тұз қосылған ванна ауыр физикалық жұмыстан немесе жаттығудан кейін тез қалпына келуге көмектеседі. Ол физикалық белсенділіктен кейін тез қалпына келетін бұлшықеттерді босаңсытады. Тұз қосылған ваннаны бұлшықет, сүйек және сіңір жарақаттарынан кейін қалпына келтіру құралы ретінде қолданыңыз.
Жүрек-тамыр жүйесі. Тұз қосылған ванна жүрек-қан тамыр жүйесінің жақсы күйін сақтауға көмектеседі. Минералдар қан тамырларының қабырғаларын нығайтады, олардың серпімділігін арттырады және қан айналымын белсендіру арқылы жаттықтырады.
Жүйке жүйесі. Егер ұйқысыздық, мигрень, стресс және эмоционалды стресстен зардап шегіп жүрсеңіз, тұз қосылған ванна сізге көмектеседі. Магний сульфаты нервті тыныштандырып, қиын кезеңнен өтуге көмектеседі.
Ағзаның басқа мүшелері мен жүйелері үшін
Дәрігерлер тұз қосылған ванналарды:
Айта кетейік, бұған дейін ваннаға қабылдауда не қосуға болатыны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Буын үндестігі деген не? Буын үндестігіне қандай қосымшалар бағынбайды?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!