Kalifarniya лақап атымен танылған Фархат Калиев әйелі жайлы сырын ақтарды. Бұл туралы өнер иесі Түнгі Студия, бағдарламасында айтты - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Фархат Калиев әйелі Әнелмен қалай танысқанын айтты.
"Әйелім өнерден алыс емес. Биші болғанға дейін өзі Жайдарманда, әртүрлі жобаларда төбе көрсетіп жүрді. Алғаш Алматыда таныстық. Маған мына әніме би шығарып берші дегеннен басталып кетті барлығы. Содан таныстық, табыстық. Басында қарындасым, досым деп халыққа таныстырып жүрдім. Одан кейін міне ұзатып, той жасап, шаңырақ көтердік. Әйелім Жайдарманда жүргенде "Ой, бәрекелді" деген сөзді көп айтатын. Сол сөзді алып жуырда жаңа ән шықты. Бірақ ол сөз әннің ішінде кездеспейді", - дейді әнші.
Әнші Kalifarniya жуырда АҚШ-тың үш қаласына барып концерт беретінін жеткізді.
"Америкаға қазан айында барып концерт беріп келемін. Нью-Йорк, Чикаго сынды қалалар. Бірақ менің концерттік турларыма әйелім бірге бармайды. Ол әзірге сьемкаларға қатыспайды, ешқайда бармайды. Үйде болады. Бұл біздің отбасылық ортақ шешім", - дейді Kalifarniya.
Айта кетейік, бұған дейін әншінің өмір жолын Massaget.kz тілшісі жазған болатын. Ол туралы оқу үшін сілтемеге өтіңіз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!