- Негізгі бет
- LifeStyle
- Түсіңде өзіңнің немесе...
Түсіңде өзіңнің немесе біреудің жүкті екенін көрсең не болады?
Түс көру – пенде баласына тән тылсымдардың бірі. Тылсым деп қарағанмен, көрген түске қарай түрлі жорамалдар айтылады. Түсіңізде өзіңіздің немесе біреудің жүкті екенін көруіңіз мүмкін. Астролог Яна Тимощук мұндай түс нені білдіруі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Unian"-ға сілтеме жасап.
Түсіңде жүктілікті көру жайлы қарама-қайшы пікірлер бар.
"Түсіңде жүктілікті көру жаңа нәрсені білдіреді: қандай да бір нақты істерді жасау, мысалы, жобалар немесе идеяларды жүзеге асыру. Сондай-ақ ол жақында өміріңізге біреуді кіргізетініңізді білдіруі мүмкін", - дейді маман.
Астрологтың айтуынша, егер тұрмысқа шыққан әйел болсаңыз, өзіңіздің жүкті екеніңізді көру отбасыдағы немесе жан-дүниеңіздегі келіспеушілікті көрсетуі мүмкін. Сонымен қатар, егер өміріңізде сізді толғандыратын жағдайлар болып жүрсе, мысалы, сізге біреу жиі манипуляция жасаса, түсіңізде өзіңіздің жүкті екеніңізді көруіңіз мүмкін.
Оқи отырыңыз: Түсіңде тістің түсіп қалғанын көру нені білдіреді?
А. Жапатова