Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде оқырмандарына жаңалығын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі күн сайын оқырмандарынан жылы лебіздер алатынын айтты. Тіпті ішінде әншінің аяғы ауыр екенін болжағандар да бар екен.
"Күн сайын дайректке "сені түсімде көрдім" деген бірнеше хат аламын. "Түсімде аяғыңыз ауыр", "шай ішіп жүрміз", "концерттеміз" деген хаттардың бәрін жақсылықтың нышаны деп білемін. Оқырмандарым бәрі баталы. Ақ тілектерін аямайды. Мен де шын жүректен әрқайсыңызға бақ тілеймін. Алла берген денсаулықтың арқасында шалқып өмір сүріңіздер. Маған тілеген тілектеріңіз өздеріңізге еселеп келсін!" - деді ол.
Сонымен қатар, әнші алдағы жоспарлары мен жаңалығын бөлісті.
"Күйеуімде 1 маусымнан бастап күнде той, концерт. Күнде. Мүслім, Төтөн, мен, бала күтуші үйдеміз. Бұйыртса бәріміз жолға дайындаламыз. Жан жаққа кетейін деп тұрмыз. Жазғы демалыс", - дейді әнші.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз