Танымал шоумен Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желілерде өзі туралы тараған ақпаратты жоққа шығарып, видеоүндеу жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде полиция рейді кезінде Тұрсынбек Қабатов "Манхэттен" тұрғын үй кешеніндегі массаж салонының бірінде ұсталып, қашуға әрекет жасағаны туралы жазба тараған болатын. Бұл ақпаратты кейбір БАҚ та жазып үлгерді.
Тұрсынбек Қабатов мұны өтірік деп атады. Әртістің айтуынша, ол қазір Алматыда, The Voice Қазақстан шоуына түсіп жүр.
"Бұл - өтірік ақпарат. Мен Алматы қаласындамын, 15 күн болды. Мен ешқандай "Манхэттен" деген жерді білмейді екенмін. Өтірік ақпаратқа сенбеңіздер", - деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова