“Тұрсен бала көтеруіме қарсы болды“. Баян Мақсатқызы қалай екі қыздың анасы атанғанын айтты

“Тұрсен бала көтеруіме қарсы болды“. Баян Мақсатқызы қалай екі қыздың анасы атанғанын айтты
Фото: instagram.com / bayanmaxatkyzy

Баян Мақсатқызы Тұрсен Алагөзовке тұрмысқа шыққан соң балалы болғысы келгенін, алайда күйеуі бала көтеруіне қарсы болғанын айтып, сұхбат берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол екі қыздың анасы атанғаннан кейін алғаш рет өзінің қызы Айсәуле Бақытбектің "Сырласу" бағдарламасында қонақ болды. 

"Сүйікті адамыма тұрмысқа шыққан соң бала сүйгім келді. Онымен бұл тақырыпты талқылағаннан кейін ол "Онсыз да сенің денсаулығың көп сынақтан өтті, саған қиын болғанын қаламаймын" деп айтты. Бір жағынан жас ерекшелігі бар. Ол кезде менің жасым 45-те еді. Тұрсен маған бірден: "Баланы өзің көтергеніңді қаламаймын" деді. Қазір заман дамыған. Басқа да жолдары бар. Осы жаста бұл нәрсені басқа жолмен жасауға болады", – деді Баян Алагөзова. 

Келесі күні Баян Мақсатқызы қазақстандық репродуктолог-эмбриолог Салтанат Берденқызының алдына барғанын айтты. Маман оның шешімін қолдап, осылайша, Алма мен Алиса есімді қыздар өмірге келіпті. 

"Ол маған табиғи жолмен де бала көтере алатынымды айтты. "Тағы бір жыл дайындалып көрерсіздер" деп ұсыныс жасады. Бірақ мен қарсы болдым. Себебі табиғи жолмен ана болуға дайын болмадым", – деді танымал продюсер.

Еске салайық, төрт қыздың анасы Баян Мақсатқызы осы сұхбатында әлі де болса өмірге сәби әкелуі мүмкін екенін айтқан болатын. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева