“Тұрмысқа шықсын“ деген ниетпен Салтанат Байқошқарова тұсауымды кескен“ - актриса Жұлдызай Дүйсенбиева

“Тұрмысқа шықсын“ деген ниетпен Салтанат Байқошқарова тұсауымды кескен“ - актриса Жұлдызай Дүйсенбиева
Фото: әлеуметтік желідегі парақшасынан

Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева өзінің тұсауын репродуктолог-эмбриолог Салтанат Байқошқарова кескенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол осыдан біраз уақыт бұрын болған қызық оқиғаны әңгімелеп берді.

"2013 жылы бір тойда "тұрмысқа шықсын" деген ниетпен Салтанат Байқошқарова тұсауымды кесті. Сенесіздер ме, келесі жылы дәл сол уақытта тұрмысқа шықтым. Осы ырымды құрбыма да жасап, тұсауын кестім. Ол 3 айдан соң тұрмысқа шықты", - деді өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуіне екінші әйел алуға рұқсат бергенін айтты. Айта кетейік, бүгінде ол жұбайымен бірге бір қыз тәрбиелеп отыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget