"Тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуім түрмеге түсті". Танымал психолог 20 жасында қандай жағдайға тап болғанын айтты

"Тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуім түрмеге түсті". Танымал психолог 20 жасында қандай жағдайға тап болғанын айтты
Фото: Tengrinews.kz

Танымал психолог, коуч Мәрзия Бекайдар тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуі түрмеге түскенін әңгімеледі. Бұл туралы ол "MOMs’кий әңгімеде" айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Психолог 20 жасында өзінен 10 жас үлкен адамға тұрмысқа шыққан.

"Иә (ғашық болдым - еск.). Ата-анам қарсы болған да шығар, бірақ мені көрді де, махаббат екенін түсініп жіберді. Әкем күйеуіммен танысып, қарсы болмады. Бірақ олар кішкене қорықты, үлкен ғой, менен 10 жас үлкен содан", - дейді ол.

Ал кейін жұбайымен бірге үлкен сынаққа тап болыпты.

"Тұрмысқа шыққаннан кейін екі аптадан кейін жолдасымда үлкен сынақ болған. Ол кісіні түрмеге отырғызған. Құдалық, той - бәрін отмена жасағанбыз. Сол кезде қиын болды. Қазір түсінемін, ондай болмаса, жанұя болмайтын едік. Біреудің ерке қызымын. Ол кезде KIMEP-те оқимын. Сөйтіп, тұрмысқа шықтым. Екеумізді сондай бір сынақтан өткізбегенде, жанұя болмайтын едік. Ұзату өтті. Ұзатудан кейін Алматыға келіп тұра бастадық. Екі апта бірге өмір сүрдік. Екеуміздің үйде бөлек тұрдық. Ол үйден шығып кетті сол күні, "тамадамен сөйлесемін" деді. Шақырту - бәрін таратып тастағанбыз, той дайын. Ертесіне киім алатын болдық. Қалғанының бәрі дайын. Сол күні бірдеңе дұрыс емес екенін сезе бастадым. Сол күні қоштасып кетті, келмеді. Телефон соқпайды, жоқ, мен звондаймын. Бірден түсіндім. Той болмайтынын білдім. Өмірімдегі үлкен сынақ болды, шыдау керек болды. Тез бітпейтін дүние екенін бірден түсіндім. Әйел болу оңай емес. Оның үстіне ерке болып өскенде. Екі күннен кейін "осындай жағдай болды, маған жала жабылды, заттарымды әкел" деді. Өте қиын болды. Жиырмадамын. Ең қиыны мама-папама айту болды. Мама-папам - ата-ана ретінде идеальный ата-ана. Өйткені қиын соғатынын, жүрегін ауыртатынын білдім. Өте көп дүние болды. Бір жарым жыл болды (күйеуі түрмеде - еск.). Ұл тудым, күйеуім қасымда болмады ол кезде. Тек телефонмен сөйлестік", - деп еске алды ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова