“Түркістанға көшіп келдік“. Төреғали Төреәлі тосын мәлімдеме жасады

“Түркістанға көшіп келдік“. Төреғали Төреәлі тосын мәлімдеме жасады
Фото: instagram.com/toregalitoreali/

Танымал әнші Төреғали Төреәлі тосын мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында Түркістанға көшкенін айтты.

"Түркістанға көшіп келдік. Бұл жай ғана мекен ауыстыру емес. Бұл - жүрекпен қабылданған шешім. Түркістан - тарихтың үнін сақтаған, уақыттың тынысын сездірген, рухтың тамыры тереңге кеткен қасиетті шаһар. Бұл қалада үнсіздік те мағыналы. Бұл жерде әрбір көше, әрбір тас - шежіре. Өткен мен болашақ бір-біріне қарсы тұрмайды, керісінше бірін-бірі толықтырып, жалғастырып тұрады. Біз бұл қаланы саналы түрде таңдадық. Түркі әлемінің рухани астанасы атанған осы мекеннің болашағына сенеміз", - деді ол.

Төреғали Төреәлі отбасымен бірге көшкенін әрі бұл қалаға қонақ болып келмегенін жеткізді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Төреғали Төреәлі (@toregalitoreali)

Желі қолданушылары әншіге құтты қоныс тілеп жатыр:

"Қоныс құтты болсын! Аллам берекесін берсін", "Қош келдіңіздер киелі қаламызға", "Құт болсын келген жеріңіз!"

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget