Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беретін мектептің түлегі Медина Нұрәлі АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және Еуропаның жетекші жоғары оқу орындарынан 80-нен аса шақырту алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Беделді халықаралық университеттер талапкердің академиялық жетістіктерін, көшбасшылық қабілеті мен қоғамдық белсенділігін жоғары бағалап, мүмкіндіктер ұсынған.
"Медина Нұрәлі IELTS және SAT емтихандарын сәтті тапсырып, әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына түсуге қажет академиялық дайындық деңгейін көрсетті. Ол мектеп қабырғасында үздік оқушылар қатарынан көрініп, ғылыми, қоғамдық жобаларға белсенді қатысты", - деп жазылған өңір әкімдігі хабарламасында.
Ол өзіне ұсынылған көптеген мүмкіндіктің ішінен Оңтүстік Кореядағы Inha University университетін таңдауға ниет білдіріп отыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова