Түркістан облысында ордабасылық оқушы ҰБТ-дан 140 ұпай жинады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның оқушысы Жәнібек Әбілхан Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең алғашқы 140/140 ұпай иегері атанды.
"Жәнібек 10-сыныптан бейінді пәндерін таңдап, дайындығын бастаған. Информатика пәніне бұрыннан қызуғушылығы бар. Ол IT саласын таңдап, отандық жоғары оқу орнына түсуге бел буып отыр. Ол үздіксіз дайындық, сапалы білімнің арқасында осындай жетістікке жетіп отыр", - деп жазылған хабарламада.
Ол 1-сыныптан бастап Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияда білім алып келеді. Көпбалалы отбасынан шыққан Жәнібек - үйдегі екінші бала.
Еске салайық, бұған дейін арыстық оқушы әлемнің 86 университетінен шақырту алғаны хабарланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова