- Негізгі бет
- LifeStyle
- “Түнімен хабарласады“. Жанқош...
“Түнімен хабарласады“. Жанқош Тұраровтың әйелі Әнару Құрманәлінің әрекетіне ашуланды
Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса әлеуметтік желіде Әнару Құрманәліге қатысты бірнеше ақпаратты бөлісті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Басы дауға қалған боксшының әйелі Клара Иса Әнарудың Жанқошқа белгісіз нөмірлермен күні-түні хабарласатынын, уақыты келгенде бәрін айтатындарын жазды.
"Түнімен, Құдайдың құтты күні Әнарудан осындай қоңыраулар келеді. Не әңгіме айтатынын естігілеріңіз келе ме? Қыздың бұндай қырын көрсету – тіпті ұят әрі аянышты. "Зорланған ару" есікті күзетіп, тоқтаусыз хабарласа ма? Уақыты келгенде барлығын көрсетеміз", – деп жазды Клара Иса.
Сонымен қатар ол қызды аяп отырғанын айтты.
"Біз полиция шақырып, сау емес жағдайына қарап, ұстатып жіберсек те болар еді. Адамдыққа салынып, аяп отырмыз. Бұл – ашуланатын емес, аяйтын жағдайдағы адам ғой. Қиялына ерік берген деп Жанқошты тоқтатып отырмын, – дейді боксшының әйелі.
Оған қоса Клара Иса бұл жаңалық шыққалы өзіне Әнару туралы көптеген лас ақпарат пен фото, видеолар келгенін, сабыр сақтап, ештеңені шығармай отырғанын, қызды аяйтынын және сабыр тілейтінін жазып кеткен.
Сондай-ақ "Жанқоштың үйленгенін білмедім" деген Әнарудың Instagram-да бұл жұпқа бақыт тілеп жазғандарын да көрсеткен.
Клара Иса Әнару жайлы басқа да ақпаратпен бөлісетінін айтып, оқырмандарын ойландырып қойды.
Еске салайық, желіде қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінді деген ақпарат тарады.
Алматының Полиция департаменті бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғаған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
"Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр", – делінген полиция хабарламасында.
Кейін кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың адвокаты Самат Мамұтов баспасөз конференциясында даулы сұрақтарға жауап берген еді.
Жанқош Тұраровтың өзі баспасөз конференциясына қатыспады. Адвокатының айтуынша, қазір Жанқош 28 қыркүйекте өтетін жекпе-жекке дайындалып жатыр.
Адвокат журналистердің "Жанқош пен Әнару таныс па?" деген сұрағына жауап берді.
"Интернет желісі арқылы хабарласқандары бар, оны жоққа шығармайды. Бірақ та әрі қарай жария ете алмаймын. Уақыты келгенде бәрі анық болады. Таныс".
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова