- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Тұңғышымдай толғатайын деп...
"Тұңғышымдай толғатайын деп отырмын". Ерке Есмахан жүктілігі туралы айтты
Танымал әнші Ерке Есмахан жүктілігі қалай өтіп жатқанын айтып, оқырмандарының сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің сөзінше, жүктілік кезінде ешқандай ауырлық сезінбеген.
"Бөпе құрсағыма біткеннен менде ұшу-қону болды, әсіресе, шет елге көп бардық. 1-1 жарым айлық кезінде Лондонда қыдырып, концерт көріп, билеп жүргенмін. Одан соң қаншама ұшулар болды. 7-ші айында да Лондонда жүрдім. Токсикоз, ми ашу, қиналыс болмады еш, шүкір. Осы кезге дейін ештеме сезбей бәрі жеңіл өтіп кетті, Аллаға шүкір", - деп жазды әнші.
Сондай-ақ, әнші тұңғышын дүниеге әкелгеніне бірнеше жыл өткен соң бұл жолы да тұңғышын босанғандай сезімде болатынын айтты.
"11 жыл бұрын Муслимді дүниеге алып келдім. Жаным қазір ақылды, дәу жігіт болды. Шүкір. Енді 11 жыл бұрын не, қалай болғаны тіпті есімді жоқ. Одан кейін басымнан не өтпеді Құдай-ау. Сондықтан тұңғышымдай толғатайын деп отырмын", - дейді Ерке Есмахан.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова