Кейде жөтел тек күндіз мазалайды. Бірақ кей жағдайда ол түнде де мазалап, ұйықтауға мүмкіндік бермейді. Бұл ағзаны одан сайын әлсіретіп жібереді. Түнгі жөтелді басудың бірнеше қарапайым әдісі бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Styler"-ге сілтеме жасап.
Түнгі жөтелдің пайда болу себебі
Тұмауратқан кезде немесе мұрын қуысына инфекция түскен кезде сіз жатқанда шырыш бітелген мұрыннан тамаққа түсуі мүмкін. Сол үшін де жөтел күндізгіге қарағанда түнде ауыр болады.
Алайда түнгі жөтелді тудыратын басқа да жағдайлар бар:
Демікпе. Өкпедегі ауа бөлгіштер тарылады және жабылады, сондықтан шырыш өте көп жиналады. Демікпемен қиналатын адамдарда құрғақ жөтел байқалуы мүмкін, себебі олар тыныс алу кезінде ауаны жеткілікті түрде алмайды. Шаң бұл проблеманы ушықтырып жіберуі мүмкін.
Аллергия. Аллергияның кей түрлері мұрын бітелуіне және түнде жөтелуге әкелуі мүмкін.
Қыжыл. Асқазан сөлі жоғары көтеріліп, өңештің төменгі бөлігіндегі жүйке ұштарын тітіркендіруі мүмкін. Бұл жөтел шақыруы мүмкін.
Темекі тарту. Өкпедегі шырыш жөтел шақырады. Сондай-ақ уыттарды тыныс алу жолдарынан шығару үшін де жөтелуіңіз мүмкін.
Жөтелді қалай басуға болады?
Егер бұл әдістер көмектеспесе, міндетті түрде дәрігерге көріну керек. Жөтел – қандай да бір аурудың бір белгісі ғана. Сондықтан дәрігер тек жөтелді емес, ауруды емдеудің жолын айтады.